Бір күн бұрын Бельгияның орталық қаласы Брюссельде НАТО-ға мүше елдердің әскери қолбасшылық Бас штаб басқарма төрағалары бас қосты. Бұл бас қосу отырысында ұйымның күн тәртібіндегі маңызды қадамдарды талқыланған. Сондай-ақ, басқарма төрағалары Украин мәселесі мен Орта Шығыстағы туылуы мүмкін соғыс қатері де сөз етілген.
Брюссельдегі отырыста сөз болған мәселелер қатарында одақтың әскери стратегиясы, стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру әдістері, Украина, Жерорта теңізі аймағының қауіпсіздігі қатарлы тақырыптар көтерілді. Қазір ұйымның мүшелері арасында Жер орта теңізі мен Қара теңіз аумағында стратегиялық мүдделердің қайшылығы бар. Бұл екі дауда да Түркияның келіспейтін тұстары көп. Кезекті отырыста Жерорта теңізінің қауіпсіздігіне байланысты көпжақты келіссөздер де қатар өткен.
Айта кетейік, НАТО мүшелерінің әскери қолбасшылық Бас штаб басқармасының төрағалары жылына үш мәрте бас қосу өткізеді. Бұл жиналыстардың екеуі ұйымның Бас штабы орналасқан Брюссельде болса, біреуі мүше елдердің бірінде өткізіледі. Иран мен АҚШ арасындағы қақтығыс қаупі артқанымен, АҚШ-тың НАТО-дағы одақтастары арасының Иранға қаратқан көзқарасы бірдей емес. Тіпті, бірқатар Еуропалық НАТО мүшелері АҚШ-пен Орта Шығыстағы әскери ынтымақтастық әрекеттерін тоқтатты.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес