Петр Порошенконың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Мамыр айының 20-ы күні Украина экс-президенті Виктор Янукович әкімшілігінің бұрынғы басшысы Андрей Портнов Петр Порошенконың үстінен сотқа арыз түсірді. Ол онда Порошенконы мемлекетке сатқындық жасады, билікті басып алды және қызметін асыра пайдаланды деп айыптады.
Сәуір айының аяғында Петр Порошенконың үстінен он қызмыстық іс қозғалғандығы белгілі болды. Олардың ішінде аса ірі көлемде пара алу, заңсыз баю сияқты айыптар бар.
Андрей Портнов 2014 жылы болған төкерістен кейін Украинадан кеткен. Ол Владимир Зеленский президент болса елге қайтып оралатынын айтып, 19 мамыр күні Зеленкийдің инаугурациясына бір күн қалғанда Украинаға қайтып оралған. Портнов пен Зеленский командасының өзара байланысы бар екендігі жөнінде ең алғаш «112 Украина» телеарнасы хабар таратқан. Әзірге аталмыш ақпаратқа байланысты жаңа президент командасы ашқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ.