Йемендегі Хусит күштері Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріне тиесілі 300-ге жуық нысанға шабуыл жасайтындарын мәлімдеді. Хусит қарулы күштерінің шабуыл нысанасында Йемен жеріндегі әскери базалармен қатар Сауд Арабиясы мен БАӘ-ның өз территориялары да бар.
Хусит күштері таратқан мәліметте 14 мамырдағы Сауд Арабиясының мұнай стансасына жасалған шабуыл жоспарланған қарулы операциялардың бір ғана бөлегі екенін атап көрсеткен. Бұл операциялар жоспары наурыз айынан бастап іске асыру көзделген. Жоспар тізімінде аталған екі елге бағытталған 300 қарулы операция бар.
Бұған қарсы Сауд Арабиясы да өздеріне бағытталған шабуылдардың жауапсыз қалмайтынын ескертті. Сауд әулетінің тағындағы король Салман әс-Сауд бір күн бұрын Шығанақ елдері ынтымақтастық кеңесі мен Араб елдері одағының лидерлерін шұғыл түрде кеңеске шақырды. 30 мамырда өтетін кеңесте өңірлік қауіпсіздік басты тақырып етіледі.
Сауд Арабиясы, БАӘ және АҚШ қатарлы елдер Иранды Йемендегі Хусит күштерін қолдап елдегі соғыс өртін күшейтті деп айыптап келген. АҚШ тарабы Иранға қаратқан ескертуінде ИИР қарулы күштерінен тыс олар қолдайтын қарулы топтардың да кезкелген шабуылын Теһранның әрекеті ретінде қабылдайтынын айтқан.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес