Америка Құрама Штаттарының Орталық-батыс өңірінде торнадо (қара құйын) болып, жүздеген үйді қиратқан. Әзірге дейін үш адамның қаза болғаны анықталған. Қолайсыз ауа райының алдағы бағыты елдің шығысы. АҚШ ауа райы мамандары қара құйынның жолындағы 9 млн 500 мың адамды қауіпте қалғанын мәлімдеген. Бұл туралы Chinanews.com хабарлап отыр.
АҚШ ауар райын болжау орталығының айтуына қарағанда, бұл реткі торнадо (қазақша баламасы қара құйын) Атлантиканың орталығынан ойысқан ауа ағысы мен Жаңа Англияның оңтүстігінен ағылған ауаның әсерінен пайда болған. Әдетте ауа райының мұндай қолайсыздығы наурыз айының соңы мен сәуірдің басында туылады екен. Осы реткі қара құйын болжаушылардың көрсеткен уақытынан бұрын туылып отыр.
28 ақпан күні Атлантикадан көтерілген қара құйын, 1 наурыз күні АҚШ-қа жеткенше, бес елде 26 реткі қара құйын тудырған. Сағаттық қарқыны 280 шақырымдық жылдамдықпен шеңбер жаса айналған алып құйын, қалың жаңбыр мен бұршаққа оранған күйінде елдің шығысына қарай бағыт алуда. Қазір шығыс Штаттар сақтық шарасына кірісіп кетті.
“The Qazaq Times”