Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумында елдегі саяси жағдай мен алда келе жатқан президент сайлауына қатысты мәлімдеме жасады.
«Сәттілік президент пен халық бір болғанда келеді. Ал қабылданған бағдарламалар мен жоспарлар халықтың қолдауымен ғана жүзеге асады. Бізде саясат дұрыс жолға қойылғаннан кейін бе, солай болды. Мен бес жалпы халықтық сайлауға қатыстым. Маған электорат 85 пайыздан кем дауыс берген емес. Келесі трансформация байыппен ешқандай саяси толқусыз өтеді. Мен бұны жағдайдан шығудың дұрыс жолы деп есептеймін. Менің мандатым жалғасар еді. Себебі ол әлі аяқталмаған. Менің әлі де болса жұмыс істеуіме және өз кандидатурамды мені сайлайды деген 100 пайыздық сеніммен ұсынуыма болар еді. Бірақ өзгеріс керек, жаңа ұрпақ келуі керек» - деп мәлімдеді Назарбаев.
Бұдан бөлек ол өзінің кейбір спикерлерге қиындық туғызып жатқандығын және елде кімнің басшы екендігін айтты.
«Көріп тұрсыздар ғой, мен спикерлерге қиындық тудырудамын. Сіздерге бірінші «тұңғыш президент» сосын «президент» деп айтуға тура келеді. Менің ойымша, Қазақстанда екі бастылық болмайды. Бір ғана президент бар және ол басшы. Оны сайлағаннан кейін, біз барлығымыз соған жұмыс істейтін боламыз» - деді Қауіпсіздік Кеңесінің өмір бойғы төрағасы.
Естеріңізге салайық, елорда да ХІІ Астана экономикалық форумы өтуде. Оған 74 мемлекеттің саясаткер, бизнесмен, экономистері қатысуда.