Ирак АҚШ-қа ел аумағын Иранға қарсы пайдалануға бермейді.
«Бағдад Уашингтонға ел аумағын Иранға қарсы жүргізілетін әскери әрекеттерге пайдалануға бермейді. Себебі Ирак Тәуелсіз ел. Мен жағдай одан ары ушықпайды деп үміттенемін. Біз аймақта кезекті рет жойқын соғыс болғанын қаламаймыз. Ирак проблема емес, сол проблеманы шешетін бір тарап болғысы келеді» - деді Хади АҚШ мемлекеттік хатшысының Ресейге жасаған сапарынан кейін журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
Осыдан біраз уақыт бұрын Ирактағы АҚШ әскери контингенті күшейтілген рейжимде қызмет атқаруға көшкен. Пентагон бұл шешімін Иран тарапынан болуы мүмкін арандату әрекеттерімен түсіндірген.
Бұған дейін АҚШ Таяу Шығысқа Абраам Линкольн ұшақтасымалдағыш кемесі мен қосымша бомбалаушы ұшақтарын аттандырған.
Өз кезегінде Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы іс-қимылдарына жауап ретінде «Теһранның бұдан былай Уашингтонмен ядролық келісімге байланысты ешқандай келіссөздер жүргізбейтіндігін» айтып, кез келген арандатушы әрекетке соққымен жауап беретінін мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?