Түріктердің ақпарат құралдары Түркия Ұлттық Мәжілісіне террорлық шабуыл жасалмақ болғанын хабарлады. Хабарға қарағанда Ұлттық Мәжіліс сарайына кірген екі күдікті қызметкерлерді кепілге алуға әрекет еткен.
Түркиялық «Анадолы» ақпарат агенттігі таратқан хабарда, қауіпсіздік қызметкерлері дер кезінде шабуылдың алдын алып, күдіктілерді тұтқындағаны айтылады. Күдіктілер туралы қандай да бір мәлімет берілмеген. Алайда, қауіпсіздік қызметкерлері күдіктілердің сол ел тарабынан террорлық ұйым ретінде танылған DHKP-C топтарымен қатысы бар екенін айтады.

Түрік ақпарат құралдары күдіктілердің суреттерін жария етті. Фото: Sputnik Türkiye.
Мәліметке қарағанда, күдіктілердің бұған дейін де террористік шабуылдарға қатысы бар екені анықталған және тінту кезінде киімдеріне жарылғыш зат салуға арналған құтылар да табылған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы