Түркіменстан экс-президенті Сапармұрат Ниязовқа қастандық жасамақ болған Сейран Мамедов бостандыққа шықты.
«Хроники Туркменстана» ақпарат көзінің мәліметінше, Сейран Мамедов мамыр айының 3-і күні бостандыққа шыққан. Оны 2004 жылы Түркіменстанның сол кездегі президенті Сапармұрат Ниязовқа қастандық жасамақ болды деген айыппен 15 жылға бас бостандығынан айырған.
Сейран Мамедов жазасын Бейрамәли қаласындағы қатаң режимдегі түзету мекемесінде өтеген.
Тәуелсіз Түркіменстанның тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязов елді 1991 жылдан 2006 жылға дейін басқарды. 1999 жылы оған өмірлік президент болу мәртебесі берілді. Ниязов мемлекет басшысы болып тұрған уақытта елде толықтай диктаторлық режим қалыптасып, жеке басқы табыну бұрын соңды болмаған деңгейге жетті. Ниязов көшелер мен қалаларға Түркіменбасы атын берді. Бірақ Қазақстанмен салыстырғанда ол ел астанасы Ашхабадтың атауын өзгертпеді.