Ұлыбританияда жергілікті билік сайлауы басталды. Еуропалық Одақ құрамынан шығу туралы референдумдан кейін ел тұрғындары алғаш рет консервативті партиялар жұмысына байланысты ашық көзқарастарын білдіріп, басымдығы жоғары топтарға дауыс береді.
Time басылымының хабарлауынша, төрт жылда бір рет өткізілетін сайлауда дауыс беру орындары жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Аудан тұрғындарының дауысы түнде, ал қалған бөлігі кешкі уақытқа дейін саналады. Дауыс беру қорытындысы Лондон уақыты бойынша кешке дейін жарияланауы тиіс. Бір жайт, Шотландия мен Уэльсте сайлау өткізілмейді.
Биылғы сайлауда алты мэр, 248 жергілікті кеңес мүшелері мен Солтүстік Ирландия жергілікті кеңестерінің мүшелері, яғни жалпы саны барлығы 8 мыңнан астам кандидат тіркелген. Үміткерлердің жартысынан астамы консерваторлар тарапынан бақылауда. Елдің премьер-министрі Тереза Мэйдің Еуропалық Одақпен келіспеушілігі және Brexit келісіміне қатысты мәселелерді шешуде үкіметтің қабілетсіздік танытуына байланысты мемлекет бірнеше ай бойы саяси дағдарыс жағдайын бастан кешірді. Сол себепті, Консерваторлар алдағы сайлауларда бірнеше жергілікті кеңестерді бақылаудан айырылып қалуы мүмкін.
Сарапшылардың пікірінше, Консервативтік партияның жергілікті кеңестегі басымдығы 20%-ға әлсірейді. Дегенмен, аталған партия өкілдері ремси мәлімдемесінде «қандай да бір орындардан» айырылып қалуға дайын екендігін айтқан.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі