Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елдегі АҚШ-тың арнайы өкілі Залмай Хализадпен кездесті. Кездесуде Ауғанстанның ішкі диалогі, бейбітшілік процестері туралы сөз болды.
Ауғанстан президенті мен АҚШ өкілі бейбітшілік процесі турасында бұған дейін жасалған қадамдарды талқыдан өткізіп, алдағы жоспарлар туралы пікірлескен. Талибанмен келесі келіссөз кездесуі туралы пікір ортақтығына келген.
Ашраф Ғани Ауғанстанның бейбітшілігі үшін құрылған жаңа кеңес арқылы біріккен коалициялық делегация құрып шыққандарын, олар алдағы уақытта Катарда болатын тәліптермен келіссөз кезінде Ауғанстандағы партиялардың, үкіметтің және азаматтық өкілдердің талаптарын ортаға салып, бейбіт Ауғанстан үшін ортақ пікір табуға тырысатынын жеткізген.
АҚШ тарабының ара ағайындығымен Ауғанстан үкіметі мен Талибан арасында келіссөздер жалғасуда. Ауғанстанның ішкі диалогін қалыптастыруға Мәскеу тарабы да кіріскен.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес