Еуропа Одағы Ресейдің Украинаның шығыс аймақтарына қаратқан жаңа қадамын айыптады. ЕО Мәскеудің кезекті қадамын Украинаның егемендігіне жасалған жаңа шабуыл деп бағалаған.
Осыдан бұрын Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығыс облысындағы тұрғындарға жеңілдетілген жолмен РФ азаматтығын беру туралы жарлыққа қол қойды. Украинаның шығысындағы Донецк пен Луганск облыстары өздерін «Донецк және Луганск Халықтық Республикасы» деп атап алған Ресейді жақтаушы сепаратистік күштердің бақылауында тұрғаны белгілі.
ЕО мәлімдемесінде, Мәскеудің кезекті қадамы Украинадағы сайлау енді аяқталған тұста жасалғандықтан, елді тұрақсыздыққа ұрындыратынын ескерткен. Әрі, Ресейді Минск келісіміне қайшы болған әрекеттерді тоқтатуға шақырған.
Шетелдік сарапшылар, Мәскеудің бұл қадамы Украинаның жаңа сайланған президенті Зеленскийге жасаған қысым қатарында бағалап отыр.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес