Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун мен Ресей президенті Владимир Путиннің қашан кездесетіні белгілі болды.
Коммерсант басылымының мәліметінше, Путин мен Ким Жоң Ун сәуір айының 25-і күні Қиыршығыс Федералды университетінде кездеседі. Ресейге баратын Солтүстік Корея делегациясы 230 адамнан тұрады.
Кездесуден кейін Ресей президенті Қытайға барады. Ал Солтүстік Корея басшысы 2002 жылы әкесі Ким Жоң Ир барған жерлерге барып, арнайы мәдени бағдарламаларға қатысады деп күтілуде.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков екі ел басшыларының кездесуіне арналған дайындық шараларының аяқталғандығын мәлімдеген. Бірақ ол кездесудің қай уақытта және қай жерде өтетінін айтпаған.