Түркияның жоғары сайлау комиссиясы Стамбұл мэрі сайлауында оппозициялық Халықтық-республикашыл партия өкілі Экрем Имамоглудың жеңіске жеткенін мойындады.
Ел президенті Режеп Тайып Ердоған басқаратын биліктің «Әділеттілік және даму» партиясы 1994 жылдан бері бірінші рет ірі сайлауда жеңіліс тапты.
Таяуда ғана билік партиясы Стамбұл мэрін сайлауды қайта өткізу жөнінде өтініш түсірген. Олар «сайлауда әділетсіздіктер орын алды» - деп есептейді.
Түркияда қала әкімі сайлауы 31 наурызда өткен. Оған елдің 57 млн сайлаушысы қатысқан. Түркия астанасы Анкара мэрін сайлауда да оппозиция өкілі Мансур Яваш 50 пайыздан астам дауыс жинап, жеңіске жеткен.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды