Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған басқаратын «Әділеттілік және даму» партиясы Жоғары сайлау комиссиясына Стамбұлда өткен қала әкімі сайлауының қорытындысын жойып, қайтадан сайлау өткізу жөнінде өтініш түсірді.
Партия төрағасының орынбасары Али Ихсан Явуз Түркияның ең ірі қаласы мэрін сайлауда әділетсіздік орын алды дейді. Егер оның өтініші қабылданса, қайта сайлау 2 маусымға белгіленеді.
Түркияда қала мэрін сайлау 31 наурызда өткен. Алдын ала сайлау қорытындысы бойынша, оппозициялық Халықтық-республикашыл партия өкілі Экрем Иммамоглу жеңіске жеткен. Стамбұлда 15 млн адам тұрады.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды