Екі күн бұрын Суданның қарулы күштері әскери төңкеріс жасап, президент Омер әл-Беширдің барлық өкілеттілігін тоқтатқанын мәлімдеген еді. Судан мәселесі бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл жиналыс өткізді.
Судан армиясы үкіметті отставкаға жіберіп, коменданттық сағат жариялағанын білдірген. Елді бақылауына алған армия Конституцияның күшін жойғанын, шекаралардың 24 сағатқа жабылатынын, үкімет, Мәжіліс және провинция әкімшілік биліктері толықтай жойылғанын жариялаған. Бұдан тыс Суданда бір айға дейін кешкі сағат 19:00 кешін көшеге шығуға тыйым салынған.
Судан мәселесін тақырып еткен шұғыл жиналысқа Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия және Бельгия қатарлы елдер шақырған. Судандағы саяси дағдарысқа байланысты әлі де нақыты шаралар қабылданбады. БҰҰ тарабы Судан армиясынан ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап еткен.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес