Солтүстік Корея санкцияларға соққымен жауап беруге дайын.
Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун Еңбек партиясының орталық комитетінің отырысында санкция мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады.
«Біз қарыштап дамып келе жатқан социалистік экономиканың туын жоғары көтеруіміз қажет және бізді санкциялар арқылы тізе бүктіреміз деп ойлайтындарға соққымен жауап беруіміз керек» - деді Ким Жоң Ун.
Yonhap ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ким Жоң Ун бұл мәлімдемесін Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Ин мен АҚШ президенті Дональд Трамп кездесуі қарсаңында жасаған.
Естеріңізге салайық, Ким Жоң Ун мен Дональд Трамп ақпан айының 27-28 күндері аралығында Ханояда кездескен. Бірақ кездесу барысында тараптар қандай да бір келісімге келе алмаған.