Ресей Венесуэлаға әскерін жіберді. Бұл туралы Reuters хабарлады.
24 наурызда Каракасқа жүз ресейлік әскери және 35 тонна жүгі бар Ил-62, Aн-124 ұшақтары қонған. Венесуэла басылымдары «қос тараптың екіжақты кеңес жүргізетіндігін» жазды. Ал Ресей тарапы бұған қатысты түсініктеме берген жоқ.
Ресейлік ұшақтар Каракасқа бірнеше мәрте келген болатын. «Универсаль» Венесуэла басылымының хабарлауынша, Ресейден жеткен НАТО Blackjack деп аталатын Ту-160 ұшақтары ядролық қарумен де, жай қарумен де жабдықталады. Сүриядағы Ресей авиациясының рейдінде осы сынды бірнеше бомбалаушы ұшақ Х-101 қанатты зымырандарын атқан.
Осыған дейін, яғни 11 желтоқсанда Ресейге Венесуэла президенті Николас Мадуро мен Қорғаныс министрлігінің басшысы Лопес барған болатын. Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу сол кезде Ресей әскери авиациясының Венесуэла аэродромдарына ұшу практикасы жалғасатынын, ал Ресей ВМФ кемелері осы елдің порттарына кіретінін мәлімдеген. Сол уақыттан бері ресейлік ұшақтар Венесуэла әскери қызметшілерімен бірлескен оқу-жаттығуларға қатысып келеді.
Айта кетейік, НАТО мен ЕО құрамындағы мемлекеттер және АҚШ Николас Мадуроны мемлекеттің заңды басшысы деп санамайды. Еуропарламент және өзге де мемлекеттер өзін президент міндетін атқарушы деп жариялаған Венесуэла оппозициялық Парламентінің көшбасшысы (Ұлттық ассамблея) Хуан Гуайдоны елдің лигитимді басшысы ретінде таныды. Ал Ресей және Қытай «диктатор басшы» атанған Маудроға қолдау білдірді.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?