Орталық Азия елдері кімге және қанша қарыз?
ҚАЗАҚСТАН
2018 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанның сыртқы қарызы 161,5 миллиард долларды құрады. Атап айтқанда Қазақстан Нидерландыға 48,9 млрд доллар, Ұлыбританияға 21,3 млрд доллар, АҚШ-қа 12, 3 млрд доллар қарыз.
Бұдан бөлек Қазақстанның ең ірі кредиторларының қатарына Қытай (11,9 млрд доллар), Франция (11, 7 млрд доллар) және Ресей (10 млрд доллар) кіреді.
ҚЫРҒЫЗСТАН
2018 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша, Қырғызстанның сыртқы қарызы 3 миллиард 764 миллион доллар болды. Ресми Бішкектің ең ірі кредиторы Қытайдың Экспорт-импорттық банкі. Қырғызстан Қытайға 1,7 млрд доллар қарыз.
Бұдан бөлек қырғыз елі Жапонияға 237 миллион доллар, Германияға 83 миллион доллар қарыз.
ӨЗБЕКСТАН
2018 жылдың қорытындысы бойынша, Өзбекстанның сыртқы қарызы 147 миллиард доллар. Бірақ ресми Ташкент Өзбекстанның қай мемлекетке, қанша қарыз екендігі жөнінде ешқандай мәліметтер жарияламайды.
ТҮРКІМЕНСТАН
Түркіменстанның 2018 жылғы статистикалық қорытындысы бойынша, ресми Ашхабаттың сыртқы қарызы 11,16 миллиард доллар. Түркімен билігі де елдің кімге, қанша қарыз екендігі жөніндегі ақпараттарды жарияламайды.
ТӘЖІКСТАН
2018 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша, Тәжікстанның сыртқы қарызы 2,8 миллиард долларды құрады. Оның ішінде Халықаралық валюта қорына 62, 2 миллион доллар, Қытайға 3, 5 миллион доллар, Ислам даму банкіне 812 миллион доллар қарыз.
Бұдан бөлек ресми Ашхабаттың Дүниежүзілік банк алдында 315 миллион доллар, Азия даму банкі алдында 278 миллион доллар берешек.