Қазақстан халқы банктерге 6 триллион теңге қарыз.
«Бірінші кредиттік бюро» мәліметінше, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 15%-ға артық. Қазірдің өзінде 92% жеке тұлға екінші деңгейдегі банктерге, 5%-ы түрлі қаржылық ұйымдарға қарыз. Қазақстан халқының кредит өтеуге шамасы болмауының басты бір себебі – пайыздық үлестің артуы мен жылдық табыс мөлшерінің аздығы.
Несие алғандардың арасында жылдар бойы қарызын қайтара алмай жүрген тұрғындар көп. Тіпті, соңғы уақытта олардың қатары тіптен арта түскен. 2017 жылдың өзінде проблемалы кредиттері ең көп банк – Ресейлік Сбербанктің Қазақстандағы еншілесі (13,7%) және АТФ Банк (11%) болған. Ал Цесна банкте болса қарыз портфелінің сапасы басқаларға қарағанда (4,8%) жоғары. Ал орта және шағын банктердің проблемалы кредиттері ірі банктерге қарағанда әлдеқайда аз.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес