Шавкат Мирзиеев Ішкі істер және қорғаныс министрлігі қызметкерлеріне салмақ тастауға 6 ай уақыт берді.
Өзбекстан президенті Наманган облысына жасаған сапарында жергілікті азаматтық белсенділермен кездесті. Кездесу барысында ІІМ мен Қорғаныс министрлігі қызметкерлері жөнінде мәлімдесе жасады.
«Бізге артық салмағы бар офицерлер мен полиция қызметкерлері қажет емес. Олар дәл осындай күйімен қылмыскерлерді қалай ұстайды? Спортпен шұғылдансын. Бұл маған емес, өздерінің денсаулығы үшін керек. Біз оларға алты ай уақыт береміз. Осы уақыт аралығында артық салмақтарынан арылсын» - деді Мирзиеев.
Қазақстанда да былтырдан бері Ішкі істер министрлігін реформалау жөнінде түрлі ұсыныстар айтылып келеді. Бұған дейінгі ІІМ Қалмұханбет Қасымов президент Назарбаевқа полиция қызмткерлерінің жаңа киім үлгісін ұсынған. Бірақ кейіннен жаңадан келген министр Ерлан Тұрғынбаев киім үлгісін өзгертпес бұрын полиция қызметкерлері аттестациядан өтетіндігін мәлімдеген.