АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео: «Николас Мадуроның санаулы күндері ғана қалды» - деп мәлімдеді.
Помпео «СNN» телеарнасына берген сұхбатында Венесуэладағы жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Болжам жасау өте қиын. Мен Венесуэла халқы Мадуроны билік басынан алып тастау үшін барлық күшін салады деген сенімдемін. Оның санаулы күндері ғана қалды» - деді Помпео.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Венесуэла шекарашылары АҚШ-тан келген гуманитарлық көмекті ел аумағына кіргізбей қойған. Шекарашылар бейбіт тұрғындарға қарсы көз жасаурататын газ пайдаланған. Осыдан кейін гуманитарлық көмек тиелген екі бірдей жүк көлігі өртенген. Салдарынан төрт адам көз жұмып, қырыққа жуық адам жарақат алған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды