АҚШ ұлттық барлау қызметінің экс-директоры Джеймс Клэппер Ресейліктердің 1960 жылдан бастап әртүрлі елдердің сайлау жүйесіне араласқандығын мәлімдеді.
Колумбия университетінде өзінің «факт және қорқыныш: барлау өмірінің қиын шындықтары» атты кітабының тұсаукесер рәсімі барысында, Кремль 2016 жылы АҚШ-тың сайлауына араласу жүйесін ең алғаш Украинадағы сайлау кезінде тәжірибиеден өткізгендігін айтты.
«Егер былай айтар болсақ, Украина зертхана бола білді. «РФ президенті Владимир Путин Украинада өзінің әртүрлі қаруларын тексеріп, оның қандай әсер беретіндігін сынақтан өткізді. Мұнда «жасыл адам», түрлі арандатушылықтар яғни, электр желілерінің шабуылы туралы айтып отырмыз. АҚШ сайлауында қолданылған барлық тактика ең алғаш Украинада сынақтан өткізілді», -деп мәлімдеді Клэппер.
2016 жылы АҚШ билігі партияның сервері бұзылғандығын мәлімдеп, Ресейді кінәлаған болатын. Сонымен қатар, Америкадағы сайлауға араласқандығын да атап өткен. Ал, сол жылдың желтоқсан айында ЦРУ арнайы тексеру жүргізіп, нәтижесінде Ресейдің араласуымен Дональд Трамптың жеңіске жеткендігі туралы мәлімдеді. Бұдан бөлек, арнайы құжатты Владимир Путин АҚШ сайлауына араласу үшін компанияларға тікелей тапсырма бергендігі де жазылған.
Осыдан кейін, АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер 2017 жылдың мамыр айынан бастап, Ресей билігінің Америка сайлауына араласуы және Кремль АҚШ президенті арасында болуы мүмкін келісім туралы тексеріс жүргізуде.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қазанында Украина президенті Петр Порошенко Ресей Украинадағы сайлауға белсенді түрде араласуға дайындалуда деп мәлімдеген болатын. Осыдан кейін, Еуропа мемлекеттері алда болатын президенттік сайлау кезінде кибер шабуылдың алдын алуға көмектесетіндіктерін жеткізген.