Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ АҚШ президенті Дональд Трампты Нобель сыйлығына ұсынды.
Синдзо Абэ өзінің америкалық әріптесін Нобель сыйлығына « Корей түбегін қарусыздануға және Азия-Тынық мұхиты аумағында бейбітшілік орнатуға қосқан үлесі үшін» ұсынған.
«The Nihon Keizai Shimbun» газетінің мәліметінше, Абэ Дональд Трампқа ұсыныс хат көшірмесін 2018 жылдық қараша айында Аргентинада өткен G-20 саммиті аясында көрсеткен және Трамп онымен толықтай келісетіндігін айтқан.
«The Asahi newspaper» басылымының хабарлауынша, ресми Токио АҚШ президентін Нобель сыйлығына ұсыну жөніндегі шешімді Ақ үй әкімшілігінің өтінішінен кейін қабылдаған.
15 ақпан күні Дональд Трамп журналистермен кездесуінде Синдзо Абэден бес парақтан тұратын Нобель сыйлығына ұсыну туралы хаттың көшірмесін алғандығы жөнінде мәлімдеді.
Ақ үй әкімшілігі Reuters ақпарат агенттігінің аталмыш мәселеге байланысты сауалнамасына ресми жауап қатқан жоқ. Ал Жапония СІМ қандай да бір пікір білдіруден бас тартқан.
2009 жылы Нобель сыйлығын сол кездегі АҚШ президенті Барак Обама алған. Ол сыйлықты ядролық арсенал көлемін азайтқаны үшін иеленген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?