АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс Еуропа елдерін 2015 жылғы Иран ядролық келісімінен бас тартуға шақырды. Ол және Иранды басты қауіп ретінде көрсетті.
Польшада өткен халықаралық конференцияда АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс Еуропа елдерін Ираннан алатын мұнай мөлшерін азайтуға, Иранмен 2015 жылы жасалған көпжақты ядролық келісімнен бас тартуға, сондай-ақ, АҚШ-тың Иранға бағыттаған санкцияларына сәйкесуге шақырған.
Майк Пенс сөзінде: «Өкінішке орай, АҚШ-тың Иранға қарсы саясатына ең жақын одақтастарымыз Еуропа елдері қолдау көрсетпей отыр. Тіпті санкцияларымызды бұзатын механизмдерді енгізуге тырысады. Бұл жағдайы Еуропаның өзіне зиян келтіріп, Иранды күшейтеді», – деді.
АҚШ-тың ұйымдастыруындағы бұл конференцияға бірқатар елдердің маңызды лауазымдылары қатысқан. Конференцияда АҚШ-тың лауазымдылары Иран Орта Шығыстағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа басты қатер екенін көбірек ортаға салды.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы