14 ақпанда Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың немересі, Лондонда тұратын Гүлнара Каримованың ұлы үйқамақтағы анасының денсаулығының нашарлағанын айтты. Онымен қоса тиісті медициналық көмектің көрсетілмейтінін де мәлімдеді.
26 жасар Ислам Каримов Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтен анасына қатысты жағдайға назар аударып, көмектесуін сұрады. Бұл туралы ол Инстаграм әлеуметтік желісінде жазды.
"Белгісіз себептермен анама қысым жасалуда, қан қысымы да көтеріліп кеткен. Алайда, дәрігерлерге анама көмек беруге рұқсат берілмей отыр. Бұған дейін прокуратура мен адвокаттар арасында келісімдер мен шарттар жасалды, бірақ біздің ісіміздің жай ғана жабылып қалуы біреулерге ұнамайтын секілді. Сол себепті қандай да бір күш бұл істің жабылмауын қалайды. Менің балалық шағымнан бері танымал, атамның ізбасары Шавкат Мирзиеевті мені және менің әпкемді тыңдауды сұраймын. Апама бұл күнде анамның жанында, өйткені оның жүрегі нашарлап кетті. Бірақ, дәрігерлерді анамның жанына жібермейді. Мен әпкем мен анамның денсаулығына алаңдаулымын", - деп жазды ол Инстаграм парақшасына.
Алайда, Өзбекстанның Бас прокуратурасы экс-президент немересінің шағымдарын негізсіз деп таныды. "Гүлнара Кәрімованың дәрігерлерден көмек алуына ешқандай кедергі жоқ. Ол өзі таңдаған мамандардың жәрдемін алуда. Оған ешқандай да қысым жасалып жатқан жоқ, сол себепті оның ұлының айыптауы негізсіз", делінген хабарламада.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы