Иә, қоғамда сең қозғалды десек те болар. Турасын айтқанда, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың мұрындық болуымен моншада тұрып жатқан талғарлық отбасыға су жаңа баспана берілді.
Білсеңіз, бес баланың ырыздығынан баспанаға қол жеткізген ата-ананың қуанышында шек болсын ба?! Игі істің жүзеге асу жолы да қарапайым. Тәңертеңгісін облыс басшысы мессенджер арқылы келген бейне роликты көреді.
– Мен сіздердің жағдайларыңызды білгенде кәсіпкерлерді көмек көрсетуге шақырдым. Асқар Фазылұлы қол ұшын берді, енді міне бұл жаңа үй сіздердікі. Бақытты болыңыздар, – деді облыс әкімі.
Осылайша, лашықта өмір сүруге мәжбүр болған отбасы бір күнде Тұрар Рысқұлов кентіндегі су жаңа үйдің иесі атанып отыр.
– Біз бюджет қаражатынан бастап меценаттарға жүгінгенге дейін қолдаудың түрлі нысандарын пайдалана отырып, осындай отбасыларға көмектесуге тырысамыз, – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.
Енді қуаныш иесі туралы бірер ауыз сөз. Жас отбасы Қуаныш пен Мақпал Жанболатовтар Ұйғыр ауданының тумасы. Жас та болса көпбалалы отбасы атанған шаңырақ. Бұл отбасының балалары 2011, 2013, 2014, 2016 және 2018 дүниеге келген. Отағасы балалар үйінде өскен. Алайда, сол қолындағы саусақтарының жартысының жоқтығы мен сол көзінің көрмейтіні де оның жігерін жығып, айналасына алақан жайдырған емес. Базар жағалап тапқан-таянғанын түсуге емес, тұруға жалдаған монша үшін жұмсаған. Яғни, ай сайын 17 мың теңге төлеп отырыпты.
Осылай бола тұра ол бүгінге дейін мүгедектікке құжат тапсырмаған. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, осыған байланысты Талғар аудандық әкімдігінің көмегімен атаулы әлеуметтік көмек алуға және мүгедектік бойынша жәрдемақы рәсімдеуге құжаттар жинақталып, дайындалуда.
Айта кетейік, моншада тұратын отбасы видео мәлімет Facebook желісіндегі Online Qazaqstan тобында жарияланған болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді