Өзбекстан мен Еуропалық одақ Ташкентте екіжақты келісімді кеңейту жөніндегі келіссөздің алғашқы кезеңін бастады. Құжат негізінен сауда, инвестиция және аймақтық қауіпсіздікке бағытталған.
Құжатқа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Брюссельге сапары кезінде қол қойылуы мүмкін.
Брюссельде 2018 жылдың 23 қарашасында Өзбекстанмен келіссөз басталды деп ресми жарияланған. Өзбекстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық келісіміне 1999 жылдың 1 шілдесіне қол қойылған.
Құжат негізінен елдердің экономикалық және әлеуметтік салаларына қолдау көрсетуге арналған. Бүгінгі күні Еуроодақ Өзбекстанда бюджеті 103 млн еуро болатын 25 жобаны жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде 10 жоба аймақтық дамуды қамтиды. Оған 33,5 млн еуро қарастырылған.
Өзбек тарабы Орталық Азия бойынша білім беру саласын жетілдіруге арналған (Эразмус+) бағдарламасына, сонымен бірге шекараны басқару (БОМКА), есірткіге қарсы күрес (КАДАП) жобаларына қатысады. ЕО-ның 2014–2020 жылдары аралығындағы Өзбекстанға қаржылай көмегі 168 млн еуроны құрайды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?