Еуропарламент Венесуэла оппозициясының жетекшісі Хуан Гуайдоны ел президенті ретінде мойындап, елдегі билікке қатысты саяси жоспарларымен танысты.
«The New York Times» ақпаратынша, осыған дейін Гуайдо әскерилермен құпия түрде кездесіп, рақымшылық жариялау мәселесін талқылаған. Ал бүгін өткізген жиында Венесуэладағы саяси-экономикалық дағдарысты тоқтату үшін өтпелі үкімет құрып, жаңа сайлау өткізу туралы ұсыныс білдірген. Алдағы уақытта Гуайдо ұсынған жоспарлар талқыланбақ.
Венесуэлада 21 қаңтардан бері қазіргі президент Николас Мадуроға қарсы шерулер болып жатыр. Алғашқы шеруді ел әскерилері өткізді. 23 қаңтарда Ұлттық Ассамблея басшысы Хуан Гуайдо өзін уақытша президент деп жариялап, елде сайлау өткізетінін айтқан. Оппозиционерді лигитимді мемлекет басшысы ретінде АҚШ, Канада, Бразилия, Чили, Аргентина, Колумбия, Коста-Рика, Гватемала, Гондурас, Панама, Парагвай және Перу елдері мойындады.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес