Жапондықтан енді Солтүстік Корея мен арадағы жағдайды қалыпқа келтіру үшін жұмыстар жасай бастайды. Бұл туралы Токиода өткен парламенттің ашық сессиясы кезінде Жапон елінің премьері Шинзо Абе мәлімдеді.
«Біз бұрын Солтүстік Корея елімен болған арадағы қасіреттерді қалыпқа келтіріп, жағдайды жақсартамыз», деп хабарлаған Абе өздерінің болашақта ынтымақтастыққа дайын екедігін жеткізді.
Сол сияқты премьер арадағы сенімсіздік танытқан зымыран және ядролық қару тақырыбындағы шешімін таппаған сұрақтарға да ортақ жауап тауып, Солтүстік Кореялықтардың бір кездері Жапония азаматтарын ұрлағандығын да талқылайтындығын атап өтті. Осы орайда Солтүстік Корея елінің көшбасшысы Ким Жоң Ыңмен кездесіп, АҚШ, Оңтүстік Корея және халықаралық қоғамдастықтың өзге де мемлекеттерімен саясатты бағдарлауды көздеп отырғандығын хабарлады.
Бұдан бөлек, Жапония Солтүстік Корея елінің басшысымен Пхеньянда өтетін саммит кезінде келісімге келуді көздеп отыр. Алайда, демократиялық корея елінің билігі Токионың бұл ұсынысына ашық түрде жауап қатпай отыр.
Негізінен қос мемлекет арасындағы дау Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін басталған. Колониялық аралға таласқан мемлекеттер бітімгершілікке келе алмай, саяси жағдайларын ушықтырып алды. Бұдан кейін, 1970 жылдары Солтүстік Кореяның арнайы қызметкерлері Жапонияның 17 азаматын ұрлап кеткен. Алайда, Корей Ұлттық Демократиялық Республикасы тек, 13 азаматты ұрлағандығын ғана мойындаған. 2002 жылы Жапон елінің экс-премьері Зюнъитиро Коизуми Пхеньянға сапары кезінде тек, 5 жапондықты еліне қайтаруға мүмкіндің алды. Қалған 8-і қаза тапты деп отыр Солтүстік Корея тарапы. Бірақ, жапониялықтар қаза туралы анықтамалардың жалған екендігін айтып, қаза тапқандарды сот алдында дәлелдеуге шақырған болатын. Бірақ, Ким Жоң Ың үкіметі мұндай қадамға бармай отыр.
1980 жылдан бері Жапония не үшін Солтүстік Кореямен ынтымақтасуды көздеп отыр деген сауал көптің көкейінде жүргендігі белгілі. Бұған себеп те бар. Өйткені, ең алғаш АҚШ-тың сес көрсетуіне байланысты Ким Жоң Ың орта және ұзақ қашықтықтағы зымырандарын АҚШ әскери базасы орналасқан "Гуам" аралына ататындығын мәлімдеген болатын. Осыдан кейін, америкамен одақтас болып отырған Оңтүстік Корея мен Жапонияның да үкіметі үрейлене қарады. Себебі, әскери базаға жеткен зымырандар әп сәтте бұл екі мемлекеттке жетіп баратындығы рас. Бұл қауіптің бетін қайтару үшін жапондықтар ұрланған азаматтардың ісін артқа тастап, серіктестіктің жаңа бағытына бет алды. Әйтсе де, түрлі жағдайлар орын алып бұл байланыс орнықты түрде орындалмай келеді. Бірде, Солтүстік Коряның зымыраннан бас тартуын сұраса, енді бірде АҚШ әдеттегі үстемдігін арттырғысы келетіндігі де байқалып тұрады. Бірақ, әлі күнге дейін ешкімге мойынұсынбай келе жатқан Демократиялық Корея елі нақты іске көшпей ешкіммен тығыз байланысты болуды қаламайтындығын бірнеше рет дәлелдей білді.
Абенің жасаған тағы бір жаңа мәлімдемесі қаншалықты жүзеге асатындығы белгісіз. Өйткені, барлығын бағдарлап отырған Ким Жоң Ың билігі нақты жауап беруге асығар емес.