Филиппиндегі референдум бойынша моро мұсылмандарның көші ілгері. Бұл туралы ресми емес БАҚ өкілдері мәлімдеп отыр.
ABS-CBN News арнасының ақпараты бойынша, Магинданао аймағында автономия құру туралы заңға дауыс беру кезінде 600 мың тұрғын қолдайтындықтарын білдірген. Сонымен қатар, 9 мыңнан астам Филиппин азаматтары өз қарсылықтарын дауыс беру арқылы көрсеткен.
Ал, Ланаоның оңтүстік аймағында 503 000 мың адам қолдап, 9700 адам қарсы дауыс берген. Сонымен бірге, Котабато қаласында моро мұсылмандарының автономия алуын 36 700 адам қолдаса, 23 мың тұрғын қарсы пікірін көрсеткен. ,
1997 жылдан бергі «Бангсаморо ауданын автономия ретінде жариялау» туралы заң күшіне енбей келеді. Филиппин президенті Родриго Дутерте Минданао аймағындағы қарулы қақтығыстардан кейін сайлау өткізуге уәде берген. Алайда, ұзақ жұл өз автономиясын алуды көздеген тұрғындар қайта-қайта наразылықтарын білдірді. Соның есебіген 2016 жылы аталған құжат Филиппин блилігіне өтіп, 2017 жылы заңда түрде қол қойылды.
Филиппин президенті Дутерте 2019 жылы референдум өткізу туралы жарлықты өткен жылы қабылдап, сайлауға дайындалуға шақырды. Келісім бойынша, Бангсаморо билігі құрылып, шариғат заңдары арқылы құрылады. Сол секілді автономия жауынгерлері де Филиппин әскерінің қатарына енгуге толықтай мүмкіндіктер қарастырылған.