Мәскеудегі қырғызстандық азаматтарға жалған әуе билетін сатқан алаяқ құрықталды. Бұл туралы Қырғыз елінің Ресейдегі елшілігі мәлімдеп отыр.
Дипломатиялық өкілдің ақпараты бойынша, тергеу кезінде 23 жастағы қырғыз азаматы ұсталған. Қазіргі таңда алаяқтық жолмен адамдарды алдағаны үшін тергеу жұмыстары басталды.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа жыл қарсаңында Ресейдің Шереметьево және Домодедово әуежайларынан Бішкекке ұшпақ болған бірнеше азамат әуежай кассасынан кері қайтып, Ресейдегі қырғыз елшілігіне шағым білдірген. Кейіннен анықталғандай, арнайы кассадан емес, жерлестерінен 18-19 мың рубльге сатып алынған екен. Енді аталған іске қатысты тергеу жұмыстары мен кінәлілерді іздеу басталды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы