АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған келісімге келді.
АВС телеарнасының мәліметінше, Трамп пен Ердоған 14 қаңтар күні телефон арқылы сөйлескен. Сөйлесу барысында тараптар Сүрия мәселесіне қатысты келіссөздер жүргізіп, АҚШ Сүрия аумағынан әскерін шығарған күннің өзінде бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласқан.
Бұдан бөлек Трамп Ердоғанда АҚШ әскері Сүрия аумағынан шығарылғаннан кейін, Уашингтон одақтастары Сүрия күрдтері мен демократиялық күштеріне зиян тигізетін әрекеттер жасамауға шақырған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Дональд Трамп: «Анкара Сүрия күрдтеріне шабуыл жасайтын болса, АҚШ Түркияға санкция салады» - деп мәлімдеген. Оған жауап ретінде Түркия президентінің кеңесшісі Ибрагим Калын өзінің «Twitter» парақшасына: «Трамп мырза, террористер сіздердің одақтастарыңыз бола алмайды. Анкара Уашингтонның Түркия мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік келісімін сақтайды деп үміттенеді және екі ел қарым-қатынасы террористік пропагандамен былғанғанын қаламайды» - деп жазған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?