Моңғолия халқы жаппай ереуілге шықты.
ARD ақпарат агенттігінің мәліметінше, 27 желтоқсан күні Ұлан-Батыр қаласынның орталық алаңына 25 мыңға жуық адам жиналып, «бай және жемқор шенеуніктерге» қарсы ереуілге шыққан. Алаңға жиналған халықтың қарсылығы негізінен парламент спикері Миеэгомбын Энхболд пен Моңғол халықтық партиясы мен Демократиялық партия құрамындағы бай шенеуніктерге бағытталған.
Есетріңізге салайық, 2008 жылы дәл осы Ұлан-Батыр қаласында халық "сайлау заңсыз өтті" - деген талаппен алаңға шыққан. Бірақ бейбіт шерудің арты жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Осыдан кейін ел билігі Моңғолия тарихында тұңғыш рет 4 күндік төтенше жағдай жариялаған. Тәртіпсіздікті басу мақсатында қалаға әскер кіргізіліп, қақтығыс кезінде бес адам көз жұмған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?