НАТО Ресейге соңғы рет мүмкіндік берді.
Желтоқсан айының 18-і күні НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Postimees басылымына берген сұхбатында Ресей мен АҚШ арасындағы зымыран келісіміне қатысты пікір білдірді.
«Біз Ресейге зымыран келісімін орындауға 60 күн уақыт бердік. Егер осы уақыт аралығында олар қойылған талаптарды орындамаса, АҚШ келісімнен шығады. Біз бұл мәселеде бірігіп жауап береміз. Бірақ дәл қазір жауаптың қандай болатынын айту әлі ерте. Себебі бұл өте күрделі мәселе» - деп мәлімдеді Столтенберг.
Естеріңізге салайық, 21 қазан күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен арадағы зымыран келісімінен шығатынын мәлімдеген. Ол Ақ үй әкімшілігінің бұл қадамын Ресей тарапының келісімді орындамай отыруымен түсіндірген. Кейіннен ресми Мәскеу АҚШ-ты «зымыран келісімін бұзу арқылы біртекті әлем құрмақ» - деп айыптаған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап