Еуроодақ елдерінің лидерлері Ресейге қатысты Украинаның шығысындағы кикілжіңді ушықтырып отырғаны үшін санкцияны ұзартуды мақұлдады.
«Мәскеу Минск келісімін орындамай отырғаны үшін санкция ұзартылды» - деп мәлімдеді Еурокеңес басшысы Дональд Туск. Сонымен бірге еуропалық билік өкілдері «Ресей Украина заңдарын бұзып, сепаратистер бақылайтын аумаққа сайлау өткізуді қолдады» - деп айыптайды.
Еуропалық одақтың Ресейге қарсы санкциясы 2014 жылдан бері ұзартылып келеді. Санкция енгізуге себеп болған - Ресейдің Қырымды басып алып, Донбастағы сепаратистерге қолдау көрсетуі. Шектеуді әрбір жарты жыл сайын ұзартып келеді.
Ресей болса Украина шығысындағы кикілжіңге қатысын теріске шығарып келеді. Ал Қырымды аннексиялауын, "тарихи әділеттілікті орнаттық" деп атайды.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды