АҚШ Түркияның Сүрия аумағында әскери операциялар жүргізуіне қарсы.
АҚШ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Шон Робертсон Түркия армиясының Сүрияның солтүстік-шығысында әскери операциялар жүргізуіне қарсылық білдірді.
«Солтүстік-шығыс Сүриядағы Түркия армиясының әскери операциялары сол аумақтағы АҚШ сарбаздарына қауіп төндіреді. Анкараның бұл әрекеті ешқандай қисынға келмейді. Түркияны қандай да бір операцияны жүзеге асырмас бұрын екіжақтық келіссөздер өткізуге шақырамыз» - деп мәлімдеді Робертсон.
Естеріңізге салайық, желтоқсан айының 12-і күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Анкара бірнеше күннен кейін Сүрия күрдтеріне қарсы Ефрат өзенінің шығысында әскери операциясын бастайды» - деп мәлімдеген. Бұған дейін БАҚ беттерінде «АҚШ Анкара мен қарулы күрд жасақтары арасындағы текетірес ушығып кетпес үшін, Сүрия мен Түркия шекаралық аудандарына арнайы бақылау бекеттерін орнатуды жоспарлауда» деген ақпарат тараған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап