Гүлнара Кәрімова Өзбекстанда болып жатқан өзгерістерді қолдайды.
Өзбекстан "экс-ханшайымы" Гүлнара Кәрімованың ұлы Ислам Кәрімов анасына қатысты мәлімдеме жасады. Ол өзінің «Instagram» парақшасына: «Өзбекстанның жаңа үкіметі елде жаңа жобаларды іске асыру жұмыстарын бастауда. Сол себепті менің анам (Гүлнара Кәрімова – ред) елде болып жатқан өзгерістерді қаржылай және физикалық тұрғыда қолдауды жөн санап отыр» - деп жазды.
2017 жылдың 28 шілде күні Өзбекстан Бас прокуратурасы «Гүлнара Кәрімованың үстінен қылмыстық іс қозғалғандығы» жөнінде мәлімдеген. Кейіннен "экс-ханшайымды" 2015 жылдың тамыз айында Ташкент қалалық соты 5 жылға бас бостандығынан айырғандығы белгілі болған. 2018 жылдың қараша айының 3-і күні Өзбекстан Бас прокуратурасы Гүлнара Кәрімованың Өзбекстан түрмелерінің бірінде жазасын өтеп жатқандығын мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?