Ұлыбритания әркез саяси, экономикалық тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күресіп ЕО елдерінің түрлі ережелерімен күресіп келеді. Қазіргі таңдағы Еуроодақ ұйымынан шығу туралы тақырыптың да ең бастысы осы.
ЕО елдерінде еркін айналымда жүрген еуро валютасы, дәл осы ағылшындардың фунд стрелингін алмастыра алмады. Тіпті, барлық ЕО елдеріндегі шекаралық бақылауға арналған шенген визасы да аталған елдің шекарасын кесіп өтуге қауқарсыздық танытты. Бұдан бөлек, 2013 жылы Ұлыбритания ЕО айналасындағы елдердің салық және бюджетке арналған экономикалық құжатына қол қоюдан да бас тартқан болатын.
Ал, 2015 жылы ЕО сыртқы істер министрлерінің жиынында британия министрі аумағына сырттан келген мигранттарды орналастыруға үзілді-кесілді бас тартқан еді. Тек, Сүриядағы лагерьлерден тікелей келген босқындарды қабылдауға дайын екендіктерін мәлімдеген.
Ұлыбританияның ЕО-тан шығуына тағы бір себеп, ұйым ішіндегі ең көп қаражат беретін де осы британ елі болып отыр. Жылына 11 миллиард еуродан астам қаржы құйған елдің тұрғындары ЕО ұйымының салығы тым жоғары екендігін алға тартты. Сондықтан да карольдіктің ЕО ұйымынан шығуы тиіс деген жоба бұдан бұрын да бірнеше мәрте көтерілген болатын.
Бұдан кейін ЕО ұйымынан бөлініп шығу туралы Голландия және Франция елдері де мәлімдеді. Ал, Ұлыбританияның қарамағындағы Шотландия керісінше британ корольдігінен бөлініп, ЕО ұйымына мүше болып қалуды қолдайтындығын жеткізді.
2016 жылдың 23 шілдесінде алғаш рет Brexit туралы референдум өткен болатын. Бұдан кейін Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты Ұлыбританияның біржақты тәртіппен Еуроодақтан шығуға құқылы екендігі туралы үкім шығарды.
Енді барлық Еуроодақ ережелерінен кейін, 2019 жылдың 29 наурызында Ұлыбритания толықтай ЕО ұйымынан шығатын болады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі