6 желтоқсанда Украинаның Жоғарғы Радасы «Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және әріптестік жөніндегі келісімді тоқтату жөніндегі» заң жобасын мақұлдады.
Заң жобасын парламентке 3 желтоқсанда Украина президенті Петр Порошенконың өзі ұсынған. Оған Керчь бұғазында Ресей армиясының үш украин кемесін атқылап, ұстағаны себеп болды. Құжатқа 277 депутат дауыс берген.
Украинаның сыртқы істер министрі Павел Климкин украин дипломаттары Ресеймен 48 келісімді тоқтатқанын, енді таяу уақытта 40 келісімге де нүкте қойылатынын жеткізді.
Украина мен Ресей арасындағы достық және ынтымақтастық жөніндегі келісімге 1997 жылдың 31 мамырында сол кездегі мемлекет басшылары Леонид Кучма мен Борис Ельцин қол қойған. Жоғарғы Рада мен Мемлекеттік дума құжатты бекіткеннен кейін, келісім 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енді.
6 желтоқсанда Украина Жоғарғы радасы шекарашыларға территорияға қауіп төнген кезде, ескертусіз оқ атуға рұқсат берді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?