Ұлыбритания мектептерінің бірінде сүриялық босқын қызға қысым көрсетілді. Осыдан біраз уақыт бұрын оның ағасы 16 жасар Жамал да аталған жағдайды бастан өткергендігі  туралы бейнеролик жарыққа шыққан болатын.

Қазіргі таңда сүриялық қызды бір топ оқушылардың құлатқаны түсірілген бейнеролик әлеуметтік желілерде кеңінен таралуда. Көптеген адамдар бұл әрекеттің дұрыс еместігін айтып, өз наразылығын білдірген. Алайда, жергілікті полиция өкілдері ешқандай шағымның келіп түспегендігін мәлімдеді. Әйтсе де, көпшілікке тез таралған бейнеролик арқылы тергеу жұмыстарының басталып кеткендігі туралы хабарлаған.

Алғашқы бейнероликте 16 жастағы Жамалға Британ студенттерінің шабуыл жасағандығы анық көрсетілген. Тез арада тергеу жұмыстарын бастаған құқық қорғау орындары бірден бұзақыларды анықтап, сот залынан бірақ шығарған. Бұдан кейін ITV телеарнасына сұхбат берген Жамал Британ жерінен де қауіпсіз орынды таба алмағандығын ашық айтты. Тек, мектепте ғана емес, дүкенге барар жолда да үрейленетін жасөспірім сабақ оқуға деген сенімнің жоғалып бара жатқандығын жеткізген.

БҰҰ-ның босқындар бағдарламасы бойынша Ұлыбританияға келген жасөспірімдер, алғашқы күннен бастап қысымның астында қалған.  Бұдан бұрын да бірнеше рет полция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген Жамал, одан пайда болмағанын айтты. Британияда жақсы өмір, жақсы мектептің күтіп тұрғанын армандаған балалар, енді оның жәй ғана арман екендігіне көздері жеткендей.

2011 жылы Сүрия еліндегі бейбіт шерушілер мен билік өкілдерінің арасындағы қақтығыс, кейіннен оқ атуға дейін жеткен. Осылайша, БҰҰ-ның мәліметі бойынша 400 мыңнан астам адам құрбан болып, 100 млн-ға жуық тұрғын үйлерін тастап кетті. Ал, 4,8 млн адам өзге елдерден пана тапқан.

Ұлыбританиядағы мектеп оқушыларының Сүриялық жасөспірімдерге жасаған қысымын қарап отырып, өзге елдердегі босқындардың да алаңсыз күн кешіп жатпағандығын аңғаруға болады. Десе де тыныш өмір сүруді қалаған Сүрия азаматтары Түркия арқылы Еуропаға өтіп кету әрекетін жалғастырып келеді.

"The Qazaq Times"