Қазіргі таңда Токио өзінің ішкі қорғанысын нығайтып Ғ-15 ұшақтарын алмастыру үшін, Ғ-35-тің жүз данасына тапысырыс берген. Аталған келісімшарттың құны шамамен бір триллион иенге бағалануда.
Бұдан бұрын 2019-2023 жылдар арасында орташа жылдамдықтағы қарулану бағдарламасы бойынша Жапония елі Ғ-35А ұшағының 42 данасын сатып алғандығы туралы мәлімдеген.
Соңғы уақытта Жапония мен Ресей арасындағы Курил аралына байланысты келісім бір нәтижеге келер емес. Охот теңізі мен Тынық мұхитының шекарасында орналасқан шағын аймақ, Хоккайдо аралы мен Камчатка жартылай аралының шекарасында орналасқан. Оңтүстік және Солтүстік деп бөлінген Курил аралы жөніндегі дау әлі күнге дейін жалғасып келеді.
Естеріңізге сала кетейік, жақын уақытта Ресей әскері Украинаның үш теңіз кемесіне шабуыл жасап, ондағы сарбаздарды тұтқынға алған болатын. Қазіргі таңда қос елдің арасындағы қақтығыс өршімесе, басылар емес. Осыны ескерген Жапон үкіметі өз шекарасын қауіпсіз етуге тырысып жатқан көрінеді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
АҚШ пен Ресей арасындағы теңіздегі текетірес: «көлеңкелі флотқа» жататын Marinera танкерінің ұсталуы нені аңғартады?
Ирандағы наразылық: халық пен қауіпсіздік күштері қақтығысқа бет алды, адам өлімі артты
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Ирандағы наразылықтар және АҚШ-тың риторикасы: аймақтық қауіпсіздікке ықпалы
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні