Жапония бас уәзірі (премьер-министрі) Шинзо Абе жексенбі күні қарулы күштермен кездескен кезде, Жапония бейбітшілік Конституциясын қайта қарап, өзін қорғау күштерінің мәртебесін көрсететін 9-ші бапта, армия мәртебесінің анық көрсетілуі керек екенін айтты.
Қыркүйекте ғана жалғасты үш жыл Демократиялық партияның лидері ретіне елдің бас уәзірі болып сайланған Шинзо Абе, Жапония қарулы күштерінің мәртебесі жөнінде конституциялық өзгерістер енгізуді алға қойған. Ол сөзінде: «Бұл бүгінгі саясаткерлердің жауапкершілігі. Мен бұл міндеттерді орындауға белді бекем байладым», – деді.
Шинзо Абе сөзінде: «Өзін қорғау күштері халықтың сенімен ие болды. Саясаткерлер болса қорғаныс күштерінің өз міндетін жоғары дәрежеде орындай алатын жағдайы жасауы тиіс», – деді.
Жапонияның консерваторлары Құрама Штат дайындаған Бейбітшілік Конституциясын Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңілісі ретінде қарайды. Шинзо Абе өзін-өзі қорғау күштерін Жапония армиясы мәртебесімен конституцияға енгізуге тырысып келеді. Себебі, Екінші дүние соғысынан кейін Жапонияға армия ұстауға шектеу қойылған. Тек өзін өзі қорғау күштері деп аталған қорғаныс күштері құралған.
Осыған дейін Жапония тарабы Қытайдың Шығыс Қытай теңізі аймағындағы әскери қадамдарының кеңеюінен алаңдап, қорғаныс қуатын арттыруға тырысып келген. Қытаймен арадағы территориялық жанжалдар Жапонияның теңіз қорғаныс қуатын арттыруға итермелеуде.