Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы жаңа елшісі тағайындалды. Жаңа міндетті бұрынғы Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов атқаратын болды. Бұл қызметті осыған дейін Қайрат Омаров атқарған болатын. Ол 2017 жылдың басында БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болып тағайындалған еді.  

Ержан Қазыханов. Фото: vlast.kz

Ержан Қазыханов осыған дейін Қазақстанның Ұлыбритания Біріккен Королдыгі мен Солтүстік Ирландиядағы, 2015 жылы сәуірден бері Ирландия, Исландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған болатын.

Е.Қазыханов 1965 жылы өмірге келген. 1987 жылы Ленинград мемлекеттік университетін КСРО Дипломатиялық академиясын, Үнді халықаралық қатынастар институтын бітірген. Содан бері түрлі қызмет сатыларынан өтті. Сыртқы істер министрі (2011), Президенттің көмекшісі (2012) лауазымдарына дейін көтерілді.

Ержан Хозеұлы тарих ғылымарының кандидаты, Төтенше және Өкілетті Елші рагының иегері. Көптеген халықаралық қатынастар, дипломатия саласы және БҰҰ қызметі тақырыбындағы көптеген шығармалары алдыңғы қатарлы баспалардан жарық көрген.

 “The Qazaq Times”