Орталық Азия елдері басшылары Ташкентте бас қоспақ.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы тілдескен. Сөйлесу барысында қос тарап Орталық Азия елдері басшыларының саммитін келесі жылы Ташкент қаласында өткізуге уағдаласқан және екіжақтық қарым-қатынас, сауда-саттық және экономикалық байланысты одан ары нығайтуға байланысты келіссөздер жүргізген.
Естеріңізге салайық, бұған дейінгі Орталық Азия елдері басшыларының саммиті наурыз айында Астана қаласында өткен. Аймақ президенттерінің кеңесу отырысын өткізуге байланысты бастаманы БҰҰ Бас Ассамблеясының 72 отырысында Шавкат Мирзиеев көтерген. Кейіннен оның бұл ұсынысын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолдаған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап