Әзірбайжан Республикасының 9-шы халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалі Бакудегі "Низами" кино орталығында жеті ирандық фильмнің қатысуымен басталды. Бұл туралы Parstoday хабарлады.
Сәрсенбі күні кешке басталып, қарашаның он жетісіне дейін жалғасатын бұл халықаралық фестивальде 30 елдің 100 қысқаметражды фильмі көрсетіледі.
Әзірбайжан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Вагиф Әлиев осы шараның ашылу салтанатында Бакуде тоғызыншы рет халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалінің өткізіліп жатқанына тоқталып, оны әртүрлі елдердің кинематографтары арасында тәжірибе алмасу үшін жақсы мүмкіндік деп атады.