Өзбекстанда президент Шавкат Мирзиеевтың ұсынысы бойынша экологиялық партия құрылмақ.
Қараша айының 14-і күні экологиялық партия құруға байланысты бастамашы топ жиын өткізді. Жиында белсенділер алдағы уақытта партия құрудың жоспары мен тіркелу құжаттарын дайындайтын арнайы комитет құрып, құрылтайшылар тізімін бекіту керектігін талқылады. Басқосуға Республикадағы беделді экологиялық ұйымдар мен қоғамдық бірлестік мүшелері қатысты. Белсенділер жаңа саяси күшке «Өзбекстан экологиялық партиясы» деген ат берді.
2017 жылдың желтоқсан айында Шавкат Мирзиеев парламентте сөйлеген сөзінде: «Жыл сайын экологиялық ұйымдарға қаржылай квота бөлгеннің орнына аталмыш ұйымдардың саяси белсенділігін арттыру үшін жаңа экологиялық партия құру қажет» деп мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?