Америка Қытаймен қырғи-қабақ соғысқа дайын – деп мәлімдеді АҚШ вице-президенті Майкл Пенс.
Қараша айының 13-і күні «The Washington Post» басылымына сұхбат берген Майкл Пенс АҚШ пен Қытай қарым-қатынасына қатысты мәлімдеме жасады.
«АҚШ президенті Дональд Трамп ресми Бейжіңмен жақсы қарам-қатынас орнатуға дайын. Бірақ ол үшін Қытай өзінің экономикалық және әскери саясатын өзгертуі тиіс. Бұның барлығы Аргентинадағы кездесуде шешіледі. Бұл Қытайдың қырғи-қабақ соғысты тоқтататын соңғы мүмкіндігі» - деді Пенс.
Бұдан бөлек вице-президент журналистің «Егер Қытай қойылған талаптарды орындамайтын болса, Уашингтон қырғи-қабақ соғыс сценариіне дайын ба?» - деген сұрағына: «Амал қанша, болар іс болар. Біз қазір бұл мәселеде өзімізді күшті позициядамыз деп есептейміз» -деп жауап берген.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап