Түркия билігі Сауд Арабиясы, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия мен Франция басшылығына саудиялық журналистің өліміне қатысты аудиотаспаны жіберді.
Аудиотаспа «Al Jazeera» телеарнасының ресми сайтында жарияланып, Түркия президенті Ережеп Тайып Ердоған осы іске қатысты мәлімдеме жасады. Таспада Жамал Хашоггидің жантүршігерлік өлім кезіндегі арпалысы, сөздері анық жазылған. Таспаны тыңдағандар бұл жаға ұстатарлық жағдай екенін айтты. Ердоған: «Мұндай қастандықты тек есірткі тұтынатын адам ғана жасауы мүмкін. Себебі, бұл – адам сенгісіз айуандық әрекет», – деді. Енді Түркия тарапы Эр-Риядтан тілшінің өлімі жайлы толық әрі нақты ақпаратты талап етіп отыр.
2 қазанда саудиялық журналист Жамал Хашогги Ыстамбұлдағы Сауд Арабиясының консулдығына барған жерінен іс-түссіз жоғалып кеткен. Әлем дүрліккен оқиғаға айналған «Хашогги ісінен» соң біраз айғақтар табылып, күдіктілер анықталды. Әлемдік БАҚ басты қылмыскер Сауд Арабия азаматтары екендігін жазды. Себебі, кісі қолынан қаза болған оппозициялық журналист біраз уақыт көлемінде король Салманның «астыртын әрекеттері» мен елдегі әділетсіздіктер жайлы мақалалар жариялап келген. Аталған оқиғадан соң, Германия Сауд Арабиясына қару-жарақ эскспортын уақытша тоқтатты. Goldman Sachs инвестициялық банкі форумға бойкот жариялады. Ал «New York Times», «Bloomberg» және CNN медиагруппалры өз журналистерін хабар таратуға жібермейтін болды. Сонымен қатар, HSBC, Credit Suisse, MasterCard, Ford, Uber, Google сынды ірі компаниялардың басшылары Эр-Риядтағы конференцияға қатысудан бас тартты.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес