OPEC елдері мен өзге де серіктес мемлекеттер алдағы уақытта қара алтын өндірісін азайтпақ. Бұл туралы Абу-Дабиде өткен кездесуде айтылды.
Кездесу барысында 2019 жылғы әлемдік нарықтағы мұнай өндірісін шектеу мен сұраныс мәселесі талқыланды. Биыл мұнай бағасы 85 долларға дейін артқан соң, жалпы сатылым азайған. OPEC мемлекеттері осы мәселені ескере отырып, келер жылдан бастап өндірісті төмендететінін айтты. Бұл шешімге қолдау білдірген елдердің қатарында Ресей де бар. Мұндай шешімге келудің тағы бір себебі, биыл АҚШ-та жылдан-жылға қара алтын көлемінің артуынан сұраныс азая түскен және алдағы жылы әлемдік нарықта мұнай көлемі бұрынғыдан да артуы мүмкін.
Айта кетейік, осы жылдың қарашасында жүргізілген зерттеу нәтижесінде Brent маркалы мұнай баррелінің 70 долларға дейін төмендегені мәлім болды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді