Түркия үшін АҚШ Иранмен салыстырғанда әлдеқайда сенімді серіктес.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео журналист Тони Кацуға берген сұхбатында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға қарата үндеу жолдады.
«Егер Түркия НАТО-дан шығатын болса, бұл барлығына ауыр тиеді. Бұл НАТО-ға да, АҚШ-қа да, Түркия халқына да жақсы емес. АҚШ пен Түркия қарым-қатынасы қиын уақытты басынан өткеруде. Десе де, біз осының барлығына қарамастан кейбір мәселелерде керсінше, үлкен жетістіктерге жеттік. Президент Ердоған дұрыс шешім шығаруы тиіс. Түркия үшін АҚШ Иранмен салыстырғанда әлдеқайда сенімді серіктес» - деп мәлімдеді Помпео.
Ресми Уашингтон мен Анкара қарым-қатынасы Түркия билігінің Измирде тұратын АҚШ пасторы Эндрю Брансонды қамауға алғаннан кейін бұзылған. Ресми Анкара оған «Түркия аумағында тыйым салынған Күрд жұмысшылар партиясымен астыртын байланыс орнатты» деген айып таққан. Өз кезегінде Уашингтон Анкарадан Брансонды босатуды талап етіп, кейіннен Түркияға санкция салған. 12 қазан күні Түркия соты Барнсонды кінәлі деп танып 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, кейіннен оның түрмеден ұзақ уақыт отыруына байланысты сот залынан босатқан. Түркия сотының оң шешімінен кейін АҚШ президенті Дональд Трмап «Америка мен Түркия бұрынғы мызғымас қарым-қатынасын қайтадан жандандыра алады» деп мәлімдеген.